Әміров Әбдібек Жетпісұлы 1971 жылы туылған. Ұлты – қазақ. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін “филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы” мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде жұмыс жасайды. 2002 жылы “Қазақ баспасөзінің 1990-2000 жылдар аралығында терминологияны қалыптастырудағы рөлі” тақырыбында 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 2000-2002 жылдары “Қазақ тілі” көмекші құралдарын жарыққа шығарды. Қазіргі уақытқа дейін 40-қа жуық мақалалары жарық көрген. Ә.Ж.Әміров бакалавриат бөлімінде «Қазіргі қазақ тілі», лекция және семинар сабақтарын, «Қазақ терминологиясының мәселелері», «Баспасөзде терминдердің жасалу жолдары», «Қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар», «Қазақ терминографиясы және лексикографиясы» элективті курстарын жүргізеді. Жылдық жоспарға сәйкес ашық сабақтарын өткізіп тұрады. Ә.Ж. Әміров қоғамдық және тәрбие жұмыстарына белсене араласады, әрі өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. 2012-2013 оқу жылында оқу, әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі қазақ филологиясы кафедрасының орынбасары қызметіне тағайындалды.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
1994

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Кандидат
Филологические науки
11.12.2002
Интересы